«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ САБАҚТАСТЫҒЫ- ЕББҚ БАР БАЛАНЫҢ ТАБЫСТЫ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ» қалалық семинар өтті

2023 жылғы 21 сәуір күні Астана қаласы Білім басқармасы мен Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен №2 арнайы мектебінде «Мектепке дейінгі және орта білім берудің сабақтастығы- ЕББҚ бар баланың табысты дамуының кепілі» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Негізгі мақсат – мектепке дейінгі тәрбиеден мектепке өтпелі кезеңдегі баланың толыққанды тұлғалық дамуы, физиологиялық және психологиялық саулығы, оның бұрынғы тәжірибесі мен жинақталған біліміне сүйене отырып, баланың жеке басын перспективалық қалыптасуына бағыттау.

Семинарға қаланың балабақша түлектерінің ата-аналары мен педагогтері, Білім басқармасы, Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің бас маманы Алеуханова Л.М. және Астана қаласының Әдістемелік орталығының Арнайы және инклюзивті білім беру бөлімінің әдіскері Смайыл С.С. қатысты.  

Семинардың бірінші бөлімінде №25, №22 балабақша тәрбиешілері және мектеп педагогтері мен мамандары (З.К.Сейталиева, А. Б.Манаубаева, С. Қ.Бихожа., Л.Ғ.Ертызарбек, М.М.Кариева, Якушева Н.В., А. Ж.Ғабдуали, Г.Т.Басыбаева) жобалық іс – шаралар аясында бірлескен сабақтарды ұсынды, екінші бөлімде мектептің арнайы мамандары озық іс-тәжірибелерімен қызықты сабақтарды және шебер – сыныптар көрсетті.  

Семинар соңында балабақшалардан келген педагогтер мен ата – аналар жақсы әсерлерімен бөлісіп, семинар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған