Кәсіптік білім және бизнес: әріптестердің диалогы

2023 жылғы 21 сәуірінде «Құрылыс-техникалық колледжі» МКҚК «Кәсіптік білім және бизнес: әріптестердің диалогы» қалалық форумы аясында «Астаналық құрылыс және сәулет» Панельдік сессиясы өтті.

 Іс-шараның негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында кәсіптік білім беруді жаңғырту шеңберінде ТжКБ жетекшілерінің көшбасшылық әлеуетін арттыру және жұмыс берушілермен әлеуметтік серіктестікті нығайту. Қатысушылардың ішінде Астана қаласы әкімдігінің білім басқармасының, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері, әлеуметтік серіктестерден «Ас Ай Кран Сервис» ЖШС, «Строй Групп Инжиниринг»ЖШС, «СпецРесурс» ЖШС, «QazProperty басқарушы және сервистік компаниялардың бірлестіктері», «StroyEnergoTrade» ЖШС басшылары, колледж жетекшілері мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Панельдік талқылауда қатысушылар ТжКБ дамыту стратегияларына тоқталып, құрылыс саласы үшін мамандар даярлаудың өзекті мәселелері мен перспективалары туралы, дуальды оқытудың тиімділігі және бәсекеге қабілетті маман даярлауда WorldSkills стандарттарын пайдаланып, демонстрациялық емтихан өткізу туралы  пікір және идеялармен алмасты.

Іс-шара соңында колледж және әлеуметтік серіктестер арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды. Қол қойылған құжаттар одан әрі әріптестікті нығайтуға және білікті мамандарды даярлау сапасын арттыруға мүмкіндік беретіне сенімдіміз.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған