Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қорымен бірлесіп 2023 жылғы 19 сәуірде Дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінде білім беру ұйымдарының директорларына, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Мектеп, ата-ана, ұстаз бірлігі — сапалы ұрпақ тәрбиесінің ізгі жолдары» тақырыбында әдістемелік-практикалық семинары өткізілді.
Семинардың мақсаты –ата-аналармен жаңа форматтағы жұмысты жүргізу бойынша әдіс-тәсілдерімен таныстыру; ата-аналардың мектеппен, педагогпен тығыз байланысын арттыру; тәжірибемен бөлісу.
Әдістемелік-практикалық семинар барысында келесі спикерлер және педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісті:
1. Нұрғожаев Ғани Сандыбайұлы, «Білім-Инновация» ХҚҚ әдіскері, «Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар берудегі отбасы ролі».
2. Әділетұлы Роман, «Білім-Инновация» ХҚҚ қоғамдық қатынастар бөлімінің басшысы «Мектеп, оқушы, ата-ана ынтымақтастығы».
3. Қаратабанов Руслан Әделханұлы, «География» мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі, оқулықтар авторы, «Құндылықтарға негізделген тәрбие» оқу бағдарламаларын әзірлеушісі.
4. Жанайханұлы Батыржан, Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің қоғамдық байланыс жөніндегі директордың орынбасары, «Лицейдегі ата-анамен жұмыстың маңыздылығы».
5. Мауқанов Нұрсұлтан Жанғалиұлы, Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінің сынып жетекшісі, «ХХI ғасырдың сынып жетекшісі қандай болу керек?».
6. Сейфуллин Бауыржан Мүбәракұлы, Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің қоғамдық байланыс жөніндегі орынбасары, «Құндылықтар негізінде тәрбие беру-заман талабы».
7. Булишев Бекзат Кумарович «Astana Alumni» түлектер ассоциациясының президенті, Тулеужанов Маулен Ерикулы түлектермен жұмыс менеджері, «Төрттік одақ: ата-ана, мұғалім, оқушы және түлек».
Соңында қатысушылар тәрбие жұмысы бойынша маңызды сұрақтарды қойып, кері байланыс жүргізілді, сондай-ақ оларды шешу жолдарын талқылап, өз ой-пікірлерін білдірді.