«ЖОБА ЖАСАУ НЕГІЗІНДЕ (PBL) ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ»

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК   2023 жылдың 17 сәуір күні  жоба жасау негізінде (PBL) оқыту әдісін қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқыту үдерісіне енгізу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен тұлғалық интеллектуалды шығармашылық әлеуетін дамыту, білім мен шынайы  өмірлік дағдының қалыптасуына, өзіндік позицияда ұтымды қолдана білуге дағдыландырудың  маңыздылығы  бойынша әдістемелік көмек беру және тәжірибе  алмасу мақсатында  «Жоба жасау негізінде (PBL) қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың маңызы» қалалық тәжірибе алмасу вебинары өтті.

         Вебинарда Қадыр мырза Әлі атындағы BINOM School мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бимбетова Замира Асилхановна  жоба жасау негізінде (PBL) оқыту әдісі және әідстемелік көмек пен тәжірибе алмасудың мұғалім үшін тиімділігі  туралы және  жоба жасау негізінде (PBL) қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытудың маңызы жайлы өз іс-тәжірибесімен бөлісті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған