Білім алушыларды қорытынды аттестаттауға дайындау: нұсқаулық пен тапсырмалар жүйесі

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК   2023 жылғы 14 сәуір күні сағат 15.00-де «Білім алушыларды қорытынды аттестаттауға дайындау: нұсқаулық пен тапсырмалар жүйесі» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні педагогтеріне арналған 9-сынып білім алушыларын «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті»  пәндерінен қорытынды мемлекеттік аттестаттауға дайындау  қалалық оқыту вебинарын өткізДІ.

      Вебинарда жалпы орта білім беру ұйымдарындағы 9-сынып білім алушыларын «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті»  пәндерінен қорытынды мемлекеттік аттестаттауға дайындауда шығармашылық қабілеттерін оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізу және алған білімдерін нақты өмірде  қолдана білуге дағдыландырудың тиімділігі  бойынша әдістемелік көмек берілді және білім алушыларды дайындаудағы тәжірибелерімен  алмасты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған