Бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған қалалық семинар

               Астана қаласы Әдістемелік орталығы мен Қадыр Мырза Әлі  атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 18-сәуір күні бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «STEАM – білім берудегі тың бағыт, жаңа тренд» атты қалалық семинар өтті.

Іс-шараның мақсаты – Оқушылардың білу және істей алу қабілеттерін өнертапқыш шешімдер, зерттеушілік қасиеттерімен тәжірибе алмасу.

Іс-шараның алғы сөзінде Қадыр Мырза Әлі  атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің директоры Макышева А.Д қатысушыларды семинардың ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі. Директордың бастауыш сынып бойынша орынбасары Шарипова Г.К.  STEAM-дегеніміз не, мақсатты, артықшылығы және күтілетін нәтижелері туралы тоқталып, мектеппен таныстырды. Әдістемелік орталықтың әдіскері Әзімбай Н.К. «Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс түрлері» тақырыбында сөз сөйледі. Семинарға қатысқан мұғалімдермен сұрақ-жауап алмасты.                            

          STEM ағылшын тілінен аударғанда 4 сөздің қосындысы. Олар: ғылым, технология, инженерия және математика. Білім саласы бір орында тұрмайды. STEM Дүниежүзілік білім саласындағы жаңа тренд. STEM қазіргі заман талабына сай инновациялық жобалардың зертханасы деп айтуға болады. Өйткені, STEM қазіргі шет елдерде қарқынды дамып келе жатыр. Сол елдерде дамыған сайын, бәсекеге қабілетті ұрпақ та дамып отыр. Қазақстанда да бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеу әрбір ұстаздың міндеті. Сол арқылы, ғылымға деген қызығушылығын арттыруды көздейді.

Кез – келген мұғалім кез – келген технологияны, әдіс – тәсілді пайдаланғанда бала үшін тиімдісін іздейді. STEM ерекшелігі – бұл пәнаралық байланыс принцпі, яғни бірнеше пәнді біріктіре отырып, бірнеше пәндерден алған білімді қоса отырып, жаңа бір қолданбалы зат жасап шығарады.

                Осы ерекшеліктерді ескере отырып бастауыш сынып ұстаздары Касен Ақбота мен Оспанова  Гүлден «STEАM – білім берудегі тың бағыт, жаңа тренд» тақырыбында қазақ сыныптарында сабақ беретін ұстаздарға, ал Мурзабулатова Диляра  мен  Молдагельдинова Айнаш  «Применение STEAM технологий в образовательном процессе» тақырыбында орыс сыныптарында сабақ беретін ұстаздарға арнап шеберлік сыныптарын көрсетті. Семинарға қатысушы ұстаздармен ойлы оқырман үшін тиімді әдістерімен бөлісті.

Семинардың практикалық бөлімінде бастауыш сынып мұғалімдері бірлескен орта құру мақсатында және оқушылардың сабақта оқу мақсаттарына жету үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып бірқатар

сабақтар өткізді:

1. «Әр түрлі денелердің жылу өткізгіштігі»  Кадырманова Г. Б., Камалетденова А. Н. 4 «И» сыныбы

2. «Көлеңкені өзгертуге бола ма?» «Көлеңкелі театр қойылымы» жобасы. Аблаева Б.Э., Аманжолова С.Б. 4 «Г» сыныбы.

3. “Жазықтар мен таулар”.“Жанартау” жобасын жасау. Маханова М.Е

Жүсіп А.А 4 «З» сыныбы

4. Практические  работы по теме «Свет» Ахметжанова Г.С. 3 «Қ» сыныбы

5. Практические  работы по теме «Звук». Нурсеитова Г. Т. 3 «Р» сыныбы

6. «Проверьте продукты на наличие крахмала»  Ахметова С.Н., Умирова Л.А. 3 «Л» сыныбы

7. «Качественную ли воду мы пьем?» Торшина А.М. 3 «М» сыныбы

8. «Жер күнді айналғанда не болады?» Жусипбаева Г.С. 4 «К» сыныбы            

Іс-шараның маңызды кезеңі рефлексия. Кері байланыс орнату үшін директордың бастауыш сынып бойынша орынбасары Баймаганбетова Э.К.  мен  әдістемелік бірлестіктің жетекшісі Мұсанова Қ.Қ. пікір алмасу жүргізді. Семинарға білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік жетекшілері мен жас мамандар қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған