«Біз мектепке барамыз» акциясы басталды

2023 жылдың 18 сәуірі күні  Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен «Педагогикалық SABAQTASTYQ» жобасы аясында елордалық мектепке дейінгі ұйымдардың мектепалды даярлық топтары арасында «Біз мектепке барамыз» акциясы басталды.

Акция барысында мектепалды топтарының педагогтері балабақша тәрбиеленушілерін мектепке сапалы даярлауға бағытталған түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, онлайн ұйымдастырылған іс-әрекеттер көрсетеді деп жоспарлануда.

Акцияны алғашқы болып №10 «Бөбек», №12 «Қарлығаш», №85 «Мейіржан» балабақшалары ашып, балалармен ұйымдастырылған іс-әрекеттерін көрсетті. Педагогтер  ұйымдастырылған іс-әрекеттерінде жаңа технологияларды пайдалана отырып, балалардың білім, білік және дағдыларын жоғары дәрежеде көрсете білді.

Іс-шараға Астана қаласының Білім басқармасы, мемлекеттік және жекеменшік  мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері мен педагогтері қатысты.

Акция  ағымдағы жылдың мамыр айына дейін жалғасады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған