Қалалық бейнероликтер байқауының қорытындысы «Психологтардан челлендж»

2023 жылдың 12 сәуірінде № 59 мектеп-гимназия базасында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімі ұйымдастырған «Психологтардан челлендж» қалалық бейнероликтер байқауының марапаттау рәсімі өтті.

Ережеге сәйкес байқауға елорданың балабақшалары, мектептері мен колледждерінің педагог-психологтары қатысты.

Конкурс шығармашылық орта құру және білім беру ұйымдарының психологиялық қызмет бағытын танымал ету, сондай-ақ білім беру процесіне қатысушылардың психологиялық сауаттылығын арттыру мақсатында өткізіледі.

Қатысушылардың міндеті таңдау бойынша өткізілетін тақырыптарға бекітілген ереженің талаптарына сәйкес конкурстық жұмыста бейнеролик ретінде ұсыну болды:

– «Менің бір жұмыс күнім»

– «Колледждегі педагог-психолог»

– «Мектептегі педагог-психолог»

– «Мектептегі психодиагностика»

Конкурс қорытындысы келесідей, номинацияларда марапатталды:

– «ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТӘСІЛ», номинациясы бойынша педагог-психологтар: №1 МЛ Ниязбекова М. Г. және Қожакиметова З. М. және №68 «Балбұлақ» б/б;

– «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК» номинациясында педагог-психологтар: №68 «Қыз-Жібек» б/б Урозбаева Г. А. және Исмагулова А. Т., №59 Батталова Г. А., №16 ОМ Мұхамедина Р. Ш.;

-«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КӨЗҚАРАС» номинациясы бойынша педагог-психологтар: №17 б/б «Ер-Төстік» Есенгулова А. К., №33 б/б «Алтын дән» Махметова А. Ж., № 87 МГ Қыдырмолдина М. Е., № 47 МГ Мұхамеджанова Д., №91 МГ Қостаева Р. Ж.,

– «ШЕШЕНДІК ӨНЕР» номинациясы бойынша педагог-психологтар: №37 МЛ Бекова А. А., № 33-Аренова А. Б., Қабанбай батыр ОМ Стрельченко М. Л.

Әр түрлі санаттағы жүлделі орындар:

-3 орынды психологтар иеленді: №69 «Еркем-ай» б/б Әлімқұлова М. Е., № 23 ОМ Қайсина Н. Б., №62 ОМ Құдайбергенова А. Қ., № 4 МГ Мошке А., № 27 МГ Исабаева К. Т., №30 Мякушко Г. К., №26 ОМ Жұмабекова Ш. С., Басқару колледжі Жолдасбай В. Б.;

-2 орынды психологтар иеленді: №15 «Дарын» б/б Қошаналиева Э.К., №82 «Айару» б/б Әділханова А. Х., №56 ЖБ-Жаппашева А. Р., №92 МГ- Бақытжан Ұ. Б., №41 ОМ Алибаева С. А., №50 ОМ – Ишанбек Г. А., Техникалық колледж психологы Нышанбек А. У.;

-1 орынды психологтар иеленді: №34 «Ақ бидай» б/б «Үздік психолог-2022» республикалық байқауының жеңімпазы Ж.Ш. Жағапарова, № №50 мл Ж. Т. Дәулетова., №78 МГ Г.Ө. Мәлік., № 83 МГ Қазбекова М. О. және Бөлекбаева Г. Ч. Д. Қонаев атындағы колледж педагог-психологы.

Байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды:

– мектепке дейінгі психологтары санатында – Сүлейменова Согдиана Еранқызы № 63 «Әсем-ай» балабақшасының педагог-психологы;

– мектеп психологтары санатында – Жандуллаева Саида Еркінқызы педагог-психолог № 70 МЛ;

– колледж психологтары санатында – Ізмұханова Гүлбану Ерсайынқызы «Astana Polytechnic» жоғары колледжінің педагог-психологы.

Байқаудың барлық қатысушылары «Психологтардан челлендж» бейнероликтер байқауының қатысушылар сертификатын алды. Психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскерлері байқау жеңімпаздарын құттықтап, үздік жұмыстарды біздің орталықтың жаңа жобасының «Цифрлық педагогика» платформасында жарияланатынын хабарлайды.

Әдістемелік орталық іс-шараны өзінің жарқын музыкалық нөмірлерімен безендірген балаларға, жас таланттарға № 59 мектеп-гимназиясының әкімшілігі мен педагогтеріне алғысын білдіреді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған