Ерекше балалармен ерекше семинар өтті

2023 жылғы 14 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес Астана қаласы әкімдігінің №96 «Аяла» арнайы балабақшасында  ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасайтын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері мен арнайы мамандарына арналған  «Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың танымдық іс әрекетін заманауи жаңа инновациялық ойын жаттығулар  арқылы дамыту»  тақырыбында   семинар-практикум өтті.

Семинар барысында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған түзету жұмыстарының ерекшеліктері, «QUEST» технологиясы, сенсорлы интрегация элементтерін қолдана отырып балаларды дамыту бойынша арнайы педагогтер өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар  қатысушыларымен  Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың танымдық іс әрекетін заманауи жаңа инновациялық ойын жаттығулар  арқылы дамыту жолында  түрлі тәсілдерін пайдалана отырып шебер-сыныптар өткізілді.

Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, ұсыныстар мен пікірлер айтылып, ойларын ортаға салды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған