«Білім сапасын көтерудің тиімді жолдары» қалалық практикалық семинар

2023 жылғы 12 сәуірде Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскерлерінің ұйымдастыруымен Қаныш Сәтбаев атындағы «№61 мектеп-лицейінде» Елорда мектептерінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Білім сапасын көтерудің тиімді жолдары» тақырыбында практикалық семинар өтті. Семинарға 70-тен астам оқу-ісі жөніндегі орынбасарлар қатысты.

Семинар қатысушылары білім сапасын көтеру мақсатында өткізілген үлгілі сабақтар мен шебер сыныптарға қатысты. Сонымен қатар «Оқу мен жазудағы эмоцияның ролі» тақырыбындағы шебер сыныпта көрсетілген әдіс-тәсілдердің тиімді болғанынын атап өтті, сондай-ақ өз ұсыныстарын білдірді.

Семинар соңында мектептің талантты оқушыларының қатысуымен «Қаныш» поэмасына театрланған қойылым көрсетілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған