«ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ – ИНКЛЮЗИВТІ ҚОҒАМ» ІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

Астана қаласының Білім  басқармасы және Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 13 сәуір күні онлайн форматта «Инклюзивті білім беру – инклюзивті қоғам»тақырыбындаІІреспубликалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Негізгі мақсат – инклюзивті процесті дамытудың негізгі стратегияларын және отандық білім берудегі инклюзияның табысты тәжірибелерін талқылау; инклюзивті процесті дамытуда ғылым, әлеуметтік және білім берудегі инклюзияның теориялық және әдіснамалық негіздерін талқылау; тәжірибе алмасу және инклюзивті білім беру мәселелерін қарастыру; мектепке дейінгі, жалпы, қосымша және кәсіптік білім беруде инклюзивті процесті дамыту тәжірибесін талдау.               

Конференцияның пленарлық отырысы тікелей эфирде өткізіліп оған  ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» РММ директоры, Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары, Ақмола облысының  инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы, Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Арнайы және инклюзивті білім беру кафедрасының меңгерушісі, ата-аналар білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтер, БАҚ өкілдері,  қоғамдық ұйымдар, қатысты.

          Сондай-ақ, конференцияның пленарлық отырысынан кейін секциялық отырыстар жалғасты.

         Конференцияға 270 – тен астам мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру, арнайы және қосымша білім беру педагогтерінің инклюзивті білім берудегі ғылыми зерттеулері мен практикалық тәжірибелері бойынша жұмыстары, баяндамалары мен мақалалары қабылданды және республикалық ғылыми-практикалық конференцияның мақалалар  жинағында жарияланады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған