Бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған қалалық семинар

Астана қаласы әкімдігінің  Әдістемелік орталығы мен Қ. Кемеңгерұлы атындағы № 49 орта мектебінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 12 сәуір күні бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш және орта буын арасындағы сабақтастық: олқылықтар және оны шешу жолдары» атты қалалық семинар өтті.

Іс-шараның мақсаты – бастауыш және орта буын арасындағы сабақтастықты ұйымдастыруда мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу алаңын ұйымдастыру.

Іс-шараның ашылу сәтінде №49 орта мектеп директоры А.А. Мухаметжанова сөз сөйлеп, іс-шараның маңызы жайлы баяндап берді. Сонымен қатар мектеп ұстаздары мен оқушыларының жетістіктеріне, жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.

           Әдістемелік орталықтың әдіскері Әзімбай Н.К. оқушылардың бастауыш сыныптан орта буынға бейімделу кезеңі өзекті мәселе екендігін айта келе, бастауыш сыныптың түлегінің орта буындағы оқуы табысты болу үшін, бейімделу кезінде балаға көмектесу, мұғалімдерге әдістемелік қолдау қажеттілігін айтып өтті.

Семинардың практикалық бөлімінде бастауыш сынып және  орта буын мұғалімдері бірлесіп, сабақтастықты жүзеге асыру мақсатында және оқушылардың сабақта оқу мақсаттарына жету үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып бірқатар сабақтар өткізді:

1. Математика. «Бөлімдері бірдей бөлшектері бар өрнектерді салыстыру». 4 «А» сыныбы, (Зерттеу сабағы) Нұрлыбекова Ж.М., Қаламбай Н.А.

2. Әдебиеттік оқу. «Ғарышкердің ас мәзірі». 4 «Ә» сыныбы. (Зерттеу сабағы). Иман Г.М., Айтжан А.С.

3. Қазақ тілі. «Сан есім». 4 «Г» сыныбы. (Десант сабақ). Ескендирова А.Е., Жандыбаева Г.Ж.

4. Дүниетану. «Тоқтар Әубәкіров-қазақтың тұңғыш ғарышкері» 4 «Б» сыныбы. (Кіріктірілген сабақ). Искендирова А.М.,Махмет С.

5.Жаратылыстану. «Жердегі тіршілікке ғарыштың әсері». 4 «В» сыныбы. (Бинарлы сабақ). Жандарбек А., Басщегулова Д.С.

6. Ағылшын тілі. «Планеталар» 4 «Ғ» сыныбы. (Бинарлы сабақ). Сапаргалиева А.С., Қаржаубаева А.М.

Баланың өмірге және қоғамға қажет әлеуметтік тәжірибені игеріп алуына және қоғам қабылдаған құндылықтар жүйесін қалыптастыруға бағыттау мақсатында сыныптан тыс жұмыстар жүргізілді.

Өскелең ұрпақтың кітап оқуға құштарлығын қызығушылығын арттыру үшін  «Ізден, талаптан, оқырман» тақырыбында Жалмуханова Б.Р. «Әдеби джем» ойынын, оқушылардың шығармашылық әлеуетін көтеруде Сариева А.О. «Батпырауықтар мерекесін», Тажикенова А.С., Жарқынбек Р. «Шебер қолдар» үйірмесін өткізді. Ата-аналарды болашақ 5-сыныптықтардың бейімделу кезеңіндегі қиыншылықтармен жеңудің әдістерімен «Болашақтағы 5 сынып» атты тақырыпта Өнербай Ұ.О. ата-аналармен топтық жұмыс ұйымдастырды.

Тәжірибе бөлісу алаңында директордың орынбасарлары Муслимбекова З.Т. «Эдьютейнмент және геймификация», Егеубаева Ж.Б. «Сабақ тиімділігін арттырудағы АКТ мүмкіндіктері» атты шеберлік сабағын өткізді. Семинарға қатысушылар шеберлік сыныптарынан өзіне керекті қызықты, тың  дүниелер алып, ризашылықтарын танытты.

Динамика мен өзгерістерге толы бүгінгі күні әр педагогтың негізгі мақсаты – өз кәсіби деңгейін үнемі дамытып отыру. Ал бұл жұмыстың ең тиімді әрі қолжетімді түрі-Сабақты зерттеу әдісі. Сабақты зерттеу әдісі  мұғалімдердің кәсіби біліктілігін тұрақты түрде дамытудың тиімді амалы екендігі барша педагогикалық жұртшылыққа мәлім. Зерттеу топтары 4 сыныптың сабақтарына қатысып, айқындалған проблемалар бойынша жүргізген зерттеу жұмыстарымен таныстырды. Атап айтсақ, «Әдебиеттік оқу сабағында 4 сынып оқушыларының эссе жазу дағдыларын қалай жетілдіреміз?» (Ахметова Д.П., Сабыр Г.С., Абдразахова А.Ө., Бодышова Д.М.) «Математика сабағында 4 сынып оқушыларының логикалық ойлау дағдысын қалай арттырамыз?» (Нуржанова Д.П., Аркабаева Р.Қ.,Оспанова Г.И.) Сабақ жоспарларын жақсарту үшін сабақтарды бірлесе талдау мен талқылау секілді тиімді әдіс-тәсілдерді тәжірибеде көрсетті. 

Бастауыш сынып оқушыларының орта буынға өтудегі психологиялық бейімделуіне жағдай жасау мақсатында мектеп психологтері Жарболова А.Б., Кожанова Г.К. «4 сынып оқушыларының 5 сыныпқа бейімделуіне қалай көмек береміз?» атты тренинг өткізді.

Іс-шараның рефлексия бөлімінде оқу орынбасары Нуралиева А.А.тиімді кері байланыс орнату үшін семинарға қатысушылар арасында пікір алмасу алаңын жүргізді. Семинарға білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері мен жас мамандары қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған