Бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған қалалық семинар

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мен Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 11 сәуір күні бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Заманауи технология-білім сапасын арттыру құралы» атты қалалық семинар өтті.

Іс-шараның мақсаты – Білім сапасын арттыруда қолданылатын заманауи технологиялар бойынша тәжірибе алмасу.  Барлық қатысушылардың белсенді өзара әрекеттесу қабілетін және қарым-қатынас мәдениетін дамыту.

Іс-шараның кіріспе бөлімінде Міржақып Дулатұлы атындағы  №68 мектеп-гимназиясының директоры м.а Л.Сарсембекова және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г. Абдильдина  қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.

Әдістемелік орталықтың әдіскері Әзімбай Н.К. «Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс түрлері» тақырыбында сөз сөйледі.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Абдильдина мектеп тынысымен, жобалар мен атқарылып жатқан шаралармен таныстырды.

Бастауыш сынып мұғалімдері Міржақып Дулатұлы өлеңдерін жатқа оқыса, бастауыш сынып оқушыларынан құрылған тик-токерлер өз өнерлерін көрсетті.

Семинардың практикалық бөлімінде бастауыш сынып мұғалімдері бірлескен орта құру мақсатында және оқушылардың сабақта оқу мақсаттарына жету үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып бірқатар

сабақтар өткізді:

1.         Әдебиеттік оқу. Құстар әлемі. 2 «В» сыныбы Сатыбалдина Б.Т

2.         Жаратылыстану. Күн сәулесі қайда кетті? 2 «Б» сыныбы  Галимова А.А

3.         Математика. «Бөлімдері бірдей жай бөлшектері бар өрнектерді салыстыру.  4 «Ж» Дүйсенбаева А.М

4.         Қазақ тілі. Сан есім 3 «Е» сыныбы Кивашева Ж.Б

5.         Әдебиеттік оқу. Райымбек бастауы. 3 «Ж» сыныбы Казина Т.Ө

6.         Жаратылыстану. Дыбыстың қасиеттерін қалай пайдаланады? 3 «Б» сыныбы Халиульдина С.К

7.         Қазақ тілі. Қарсы мәндес сын есім. 4 «Ә» сыныбы Тулеубаева М.С

 8.        Әдебиеттік оқу. Ғарышкердің ас мәзірі  4 «Д» сыныбы Жүніс Ә.С

9.         Математика. 10 санының құрамы. 2 «И» арнайы сынып. шебер сынып дефектолог маман Утебаева Ж.Е

10. Бала құнда ма? Баға құнды ма? Ата-аналармен шебер сынып өткізілді. Уалинва С.К

Іс-шараның маңызды кезеңі рефлексия. Эдвард де Бононың «Ойлаудың 6 қалпағы» әдісі бойынша тиімді кері байланыс жүргізілді, семинарға қатысушылар 6- топқа бөлініп қалпақ түстеріне байланысты өз ойларымен бөлісті. Семинарға білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған