«Елтану әлемі» бағытын тәжірибеге енгізу бойынша эксперименттік алаң жұмысын жабу туралы семинар

2023 жылғы 10 сәуірде №46 «Самал» балабақша-санаторийінде Ұлттық құндылықтарға негізделген «Өркендеу» бағдарламасының «Елтану әлемі» бағытын тәжірибеге енгізу бойынша эксперименттік алаң жұмысын жабу туралы семинар өткізілді. Семинарға қала балабақшаларынан 20 меңгеруші мен әдіскерлер қатысты.

Семинар барысында қатысушылар «Салауатты ұрпақ» авторлық дамытушы ойындарымен, авторлық мультфильммен, санаторий-бөбекжай жағдайында экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру бойынша жұмыстармен танысты. Сонымен қатар балалар өздері отырғызған қарағайлар мен шыршадан құралған «Самал» саябағына саяхат жүргізді.

Бағдарлама аясында құрылған гидропоника және аквапоника зертханасында тәрбиешілер мен балалар көкөністер отырғызып, өз зерттеулерін жүргізеді.

Іс-шара соңында қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс берді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған