Дұрыс тамақтану туралы әңгіме

«Дұрыс тамақтану туралы әңгіме» бағдарламасының әдістемелік компонентін жетілдіру және ұлттық мәдениет пен әдет-ғұрыпқа қызығушылықты қалыптастыруға байланысты үздік педагогикалық тәжірибелерді насихаттау мақсатында 2023 жылғы 7 сәуірде бастауыш сынып педагогтері арасында қалалық әдістемелік байқауының қорытынды кезеңі өткізілді.

Байқауға Астана қаласының бастауыш сыныптары арасында салауатты тамақтану бағдарламасын жүзеге асыратын 7 педагог (4,6,38,50,51,56,65 мектептерінен) қатысып, өз жұмыстарын ұсынды.

Конкурсқа ұсынылған жұмыстар келесі критерийлер бойынша бағаланды:

«Дұрыс тамақтану туралы әңгіме» бағдарламасына тақырыптық сәйкестігі

Жаңашылдық және өзіндік ерекшелігі

Методологиялығы

Технологиялығы

Тиімділігі

Байқаудың қалалық кезеңінің жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен және естелік сыйлықтармен, қалған қатысушылар сертификаттар марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

  1. Аубакирова Асемгул Магзумовна – №4 мектеп – гимназия – 1 орын;
  2. Атымтаева Калдыгуль Каримолдаевна – №51  мектеп-лицей– 2 орын;
  3. Логвина Елена Васильевна – № 6  гимназия– 3 орын.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған