Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында педагогтерінің әдістемелік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру

2023 жылдың 6 сәуірінде Әдістемелік орталықтың ТжКББ бөлімінің әдіскерлері Исина Н.С., Сейдахметова Б.К. «Әдістемелік кеңес сағаты»  жобасы аясында «Астана медресе-колледжі» жекеменшік мекемесінің педагогтеріне арналған «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында педагогтерінің әдістемелік жұмыстарын  тиімді ұйымдастыру» тақырыбындағы оқыту семинарын  өткізді.

Семинар қатысушыларына авторлық әзірленімдерді дайындау, педагогикалық аттестацияның кезендерінің  өту тәртібімен, оқытушыларға қажетті  оқу-әдістемелік құжаттамаларды ресімдеу мен жүргізу, оқу-тәрбие үрдісіне инновацияларды енгізу туралы  ұсыныстар мен   әр түрлі әдістемелік  іс-әрекет   бағыттары  бойынша толық түсіндірмелер берілді.

          Колледж педагогтері семинардың өзектілігі және әдістемелік  көмектің  уақытылы көрсетілгенін атап өтті.

Әдістемелік семинарға 25-тен астам педагог қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған