Тәрбие жұмысында «Өркендеу» жобасы бойынша отырыс

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК 2023 жылғы 04 сәуір күні Ілияс Есенберлин атындағы №67 мектеп-гимназиясында «Өркендеу» жобасы бойынша отырыс өтті.

Жобаның мақсаты – отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттау, оларды жас ұрпақтың бойында қалыптастыру мен дамыту.

Астана қаласының 10 жалпы білім беретін мектептер (№№4,40,51,52,54,56,64,67,68,79) «Өркендеу» жобасы бойынша жұмыс жүргізеді.

1. «Өркендеу» жобасының жұмыс жоспарын талқылау;

2. Жобаның жұмыс жоспарын талқылау;

3. «Ата мектебі», «Әже мектебі», «Әке мектебі», «Ана мектебі», Аға –жеңге мектебі» мектептерін құру және жұмыстарын жетілдіру;

4. Мектептерде білім алушылардың отбасылық құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар өткізу.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған