«Оқушылардың функционалдық сауаттылығы: теория және практика» тақырыбында өткен Халықаралық-практикалық семинар туралы

2023 жылы 6 сәуірде Астана қаласы Білім басқармасы «Әдістемелік орталығы» МКҚК «Педагогтерді кәсіби дамыту» бөлімінің ұйымдастыруымен №18 орта мектепте Елорда мектептерінің жас мамандарына арналған «Оқушылардың функционалдық сауаттылығы: теория және практика» тақырыбында практикалық семинар өтті. Семинарға Финляндия мемлекетінен білім беру саласындағы Халықаралық сарапшы арнайы Рetri Lounаsсorpi келіп қатысты.

Семинарға Білім басқармасының басшысының орынбасары М. Каирбаева, Әдістемелік орталық басшысы С. Дауешова, орталықтың орынбасар А. Мұхаметжанова қатысып, қала көлемінде қатысқан 78 жас мамандар алдында ЕлОрдалық білім беру ұйымдарындағы оң өзгерістерге тоқталды. Финляндияда тағылымдамадан өткен №18 орта мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Ерсін Жаукенова семинарда «құзыреттілік» және «функционалдық сауаттылық» сияқты маңызды ұғымдарды зерделеу үшін мұғалімдердің жұмыс тәжірибесінен ең табысты әдістемелер ұсынып, тәжірибе алмасты. Мектептің 27 мұғалімі ашық сабақтар өткізді, 5 мұғалім «шебер сынып» ұйымдастырды, 2 мұғалім тренинг өткізді.

Аталған практикалық семинарға кәсіби құзыреттілік деңгейде басшылық жасаған №18 орта мектеп директоры С. Гайсина ағылшын тілінде Халықаралық сарапшымен еркін диологтық қарым-қатынас танытып, жас мамандардың қызығушылығын арттырды. Ұсынылған тәжірибенің нысаны мен мазмұны жайлы білім беру саласындағы халықаралық сарапшы Рetri Lounаsсorpi (Финляндия) тәжірибе алмасу жаңа тәсілдер мен инновациялық идеяларды енгізу бойынша қатысушылардың оң пікірлерін алды.

Астана қаласы білім беру ұйымдарынан келген жас мамандар практикалық семинардан кәсіби біліктілік деңгейді артыру мақсатында үлгілі сабақтар мен шебер сыныптарға қатысып, кері байланыста өз ойларын, ұсыныстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған