Жас мамандардың педагогикалық кәсіби шеберлігін арттыру

2023 жылдың 5 сәуірінде «Әдістемелік орталық» және «№1 Оңалту орталығы» бірлесіп, «Жас мамандардың педагогикалық кәсіби шеберлігін арттыру» тақырыбында арнайы білім беру ұйымдарының жас мамандарына арналған қалалық коучинг-семинарын өткізді.
Семинардың басты мақсаты: жас педагогтардың кәсіби құзыреттілігін әдістемелік көмек көрсету арқылы дамыту болды.
Семинар барысында жас мамандар орталықтың арнайы оқытушыларының шеберлік сыныбына, практикумына және бірлескен практикалық іс-шараларына белсене қатысты. Коучинг-семинардың соңында рефлексия өткізіліп, тыңдаушылар өз тілектерімен, әсерлерімен бөлісті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған