2023 жылдың 1-сәуірінде Астана қаласы әкімдігінің «Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәни атындағы №85 мектеп-лицейі» Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығымен бірігіп Жетекші-серіктес №82, 84, 85 мектептерінің қалалық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
Тақырыбы: «Ынтымақтастық. Өздігінен білім алу. Зерттеу мектебі»
Конференцияның мақсаты – «Сабақты зерттеу» және «Іс-әрекеттегі зерттеуді» іске асыратын жалпы білім беретін № 82, 84 және 85 мектеп-лицей мұғалімдерінің зерттеу нәтижелерін ұсыну және тарату.
Конференцияның міндеттері:
Lesson Study тәсілін енгізу жөнінде тәжірибе алмасу алаңын ұйымдастыру;
Lesson Study тәсілін енгізу барысында мұғалімдерге практикалық қолдау көрсету;
Lesson Study әдісін тиімді қолданатын, оны мектеп және аймақтық деңгейде енгізу мен насихаттауда көшбасшы болып табылатын мұғалімдердің тәжірибесін анықтау және тарату.
Конференцияға қатысушылар төмендегі бағыттар бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті:
1. Практикалық аймақ (панорамалық сабақ)
2. Шеберлік-сынып
3. Секциялық жұмыс
4. Постер сессия
Аталған іс-шараға қаланың 30 Жетекші мектептерінің педагогтері мен НЗМ Педагогикалық шеберлік орталығының әдіскерлері қатысты.