Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ағымдағы жылдың 28 мен 30 наурызы аралығында №70 мектеп- лицейі базасында мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің педагог- психологтары үшін «Ата- аналармен психологиялық жұмыс жүргізудің инновациялық негіздері» тақырыбында оқыту семинарын ұйымдастырып, өткізді.
Оқыту семинарына 31 педагог- психолог қатысты.
Семинардың мақсаты: психологиялық қызметте жаңа әдістерді қолдану арқылы ата-аналармен жүргізілетін жұмысты белсенділендіру.
Оқыту семинары бағдарламасына сәйкес:
семинар сабақтар «Қазіргі білім және тәрбие берудің дамытудың нормативтік және психологиялық-педагогикалық аспектілері», «Психологиялық қызмет мазмұны мен әдістерін жетілдіру контексінде білім сапасын арттыру»;
тәжірибелік сабақтар «Ата-аналармен жұмыста мандала-терапия әдістерін қолданудың тиімділігі», «Психологтың ата-аналармен жұмысында дәстүрлі емес әдістерді қолдануы»;
психологиялық тренингтер «Менің баламаның ішкі әлемі», «Біз өз баламызға қаншалықты көңіл бөлеміз?» ;
семинар -практикум «Психологтың педагогикалық ұжыммен өзара- іс-қимылы», «Педагогтардың психологиялық мәдениетін қалыптастыру» тақырыптарында өтті. Үш күндік семинар барысында тыңдаушылардың өзара тәжірибе алмасуларына, өз пікірлерін ортаға салып, талқылауларына мүмкіндіктер жасалды. Психологтың ата-анамен тиімді қарым- қатынас орната білуіне қажетті әдістемелік ұсынымдар, жадынамалар таратылды.
Семинар соңында педагог-психологтар ата-аналармен жұмыста қажетті практикалық білім алғанын және оларды тәжірибеде қолданатынын атап өтті.