Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары

2023 жылғы 25 наурыз күні Астана қаласы Әдістемелік орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес «Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары» тақырыбында қалалық оқыту вебинары өткізілді.

Вебинар мақсаты: Химия және биология пәндері педагогтеріне ББЖМ ның өткізу тәртібін түсіндіру, әдістемелік көмек көрсету

Вебинарға Астана мектептерінің химия және биология пәндерінің педагогтері қатысты. Орталықтың әдіскері Ш.Х.Шакирова «Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын түсіндіру. (БҒМ. Бұйрық №204 жылғы 5 мамыр) ББЖМ тест спецификациялары бойынша сөз қозғады.

Жаратылыстану сауаттылығы бойынша тест тапсырмаларын құрастыру және оқушыларды дайындау бойынша №93 мектеп-лицейінің мұғалімі Г.Оспанова іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Вебинарға 75 –тен астам педагог қатысты. Вебинар соңында қатысушылар өз ойларын айтып, кері байланыс жасап, алғыстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған