Іс – әрекеттегі тәжірибені зерттеу-білім беру сапасын арттырудың негізгі жолы

Іс-әрекеттегі зерттеу бойынша педагогтердің тәжірибесімен алмасу мақсатында 2023 жылғы 31 наурызда SHARE халықаралық жобасы аясында
«Іс – әрекеттегі тәжірибені зерттеу-білім беру сапасын арттырудың негізгі жолы» атты қалалық практикалық семинар өткізілді.

Семинарға елорда мектептерінің 100 педагогтері, оның ішінде, action research практик мұғалімдері, директорлардың орынбасарлары, білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Семинар барысында 7 ашық алаң Tedx және reads форматтарында істеді, онда педагогтердің тәжірибесіне қатысты бір мезгілде әртүрлі маңызды тақырыптар қозғалды.

Ашық алаңдардағы мұғалімдер зерттеу жүргізу тәжірибесімен, жоспарларымен, стратегияларымен және әдістерімен бөлісті, тренингтер өткізді, зерттеу әдебиеттерін талқылады.

Семинар соңында сессия алаңдарына қатысушылар өз әсерлерімен бөлсіп, ұйымдастырушылар мен спикерлерге кері байланыс берді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған