Үздіксіз білім беру тұлға мен қоғамның тұрақты дамуының негізгі шарты ретінде

Астана қаласы әкімдігінің «№ 59 мектеп-лицейі» Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығымен бірігіп «Үздіксіз білім беру тұлға мен қоғамның тұрақты дамуының негізгі шарты ретінде» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.

Конференцияның мақсаты: білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелерінде бағдарламалар мен жобаларды табысты іске асыру тәжірибесімен алмасу.

Пленарлық отырысқа қоғам қайраткерлері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академия өкілдері, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, «Ұлттық Ұстаз Онлайн Академиясы», елордалық және республика деңгейіндегі білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.

Спикерлер Қазақстанның білім беру жүйесін дамыту және жаңғырту перспективаларына бағытталған инновациялық жобаларды іске асыру жайлы ой қозғады. Осндай-ақ, заманауи форматтарды таныстырды, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мәселелерін талқылады.

Презентациялық тәжірибелер аясында қатысушылар Республикалық педагогикалық идеялар фестивалінде ұсынылған педагогикалық идеялармен танысты.

Сондай-ақ қатысушылар үшін білім беру көрмесі қарастырылған, онда педагогтар әдістемелік және көркем әдебиеттің жаңалықтарымен, оның ішінде құндылыққа бағдарланған оқыту бойынша таныса алды.

14 секциялық отырыс, қатысушылардың пікір алмасу диалог алаңы жұмыс жасады. Секцияларда кәсіби коммуникация, тәжірибе алмасу процесі жүзеге асты.  

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған