«Үздік әдістемелік бірлестік жетекшісі» қалалық байқауы

Астана қаласы әкімдігі Әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2023 жылғы 30 наурыз күні №84 мектеп-лицейі базасында «Үздік әдістемелік бірлестік жетекшісі» атты қалалық  байқауының  қорытынды кезеңі  өтті.

         Білім беру ұйымдарындағы бірлестік жетекшілерінің үздік педагогикалық тәжірибесін анықтау, қолдау және тарату мақсатында ұйымдастырып отырған байқаудың бірінші кезеңіне  42 үміткер қатысты. Бірінші кезеңнен өткен 20 әдістемелік бірлестік жетекшісі бүгінгі 2-кезеңде бақ сынады. Қорытындысында Сексенбиева З., №14 мектеп-гимназиясы жаратылыстану бағыты, Молдабекова М., №25 орта мектебі  қазақ тілі және қазақ әдебиеті, Белятко И. №31  мектеп-гимназиясы бастауыш сынып, Томантаева А.,  №56 мектеп лицейі математика, информатика, физика, Жакулина А., №62 мектеп лицейі бастауыш сынып, Бигожина Б. №63 мектеп-гимназиясы қазақ тілі мен әдебиеті, Мукажанова А. №70 мектеп-лицейі ағылшын тілі, Әлімбек Б. №74 мектеп-гимназиясы қазақ тілі және қазақ әдебиеті, Гайнуллина Г. №75 мектеп-гимназиясы қазақ тілі мен әдебиеті, Бегимбаева  А. №79 мектеп-лицейі математика, Жагипарова К. №81 гимназиясы бастауыш сынып,   Садуакасова А. №89 мектеп-лицейі география пәні,  Тұтқабаева Ш., Қ. Мырза Әлі атындағы BINOM school ағылшын тілі  әдістемелік бірлестік жетекшілері сертификаттармен марапатталды.

 – «Әдістемелік бірлестіктің ең креативті жетекшісі» номинациясын Сегизбаева А., №2 арнайы мектептің арнайы пәндер бірлестігінің жетекшісі;

  – Жумабаева З.,  №3 мектеп-гимназиясы қазақ тілі мен әдебиеті;

  –  «Үздік әдістемелік іс-шара» номинациясын Шушпаева А. №85  мектеп-лицейінің химия, биология, география  ӘБ жетекшісі иеленді.

  – «Бас жүлде» иегері Идрисова М., №32 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып ӘБ жетекшісі;

   – І орын – Ажданова А., № 40  мектеп-лицейінің бастауыш сынып ӘБ жетекшісі;

   – ІІ орын – Койшыгарина Г., №29 орта мектебі тарих пәні ӘБ жетекшісі;    – ІІІ орын – Нурманбетова К.,  №38 мектеп-лицейінің бастауыш сынып  ӘБ жетекшісі иеленді. Құттықтаймыз!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған