Орта білім беруді дамыту жағдайындағы білім берудегі заманауи тенденциялар

Астанада алғаш рет 2023 жылдың 30-31 наурызында «Орта білім беруді дамыту жағдайындағы білім берудегі заманауи тенденциялар» атты көркем еңбек мұғалімдеріне арналған халықаралық педогоикалық конференция өтуде.

            Халықаралық  конференция  білім  саласымен айналысатын кең ауқымды мамандар үшін беделді алаңға айналады.

Өткізілетін іс-шарада  Қазақстан, Түркия,  Қырғызстан, Башқұртстан,  Өзбекстан,  Ресейден келген сарапшылар кешенді даму саласындағы зерттеулердің нәтижелерін әріптестерімен бөлісіп, талқылайды.

Ұйымдастырушылар: Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК, Астана қаласы Қазақ технология және бизнес университеті.

Конференция барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, мектеп мұғалімдерінің шығармашылық жұмыстарынан ұйымдастырылған көрмені ташалады. Сондай-ақ, пленарлық отырыста баяндамалар оқылды.

Атап айтсақ:

Амірғазин Қайыртай Жақыпұлы,  педогогикалық ғылымдарының докторы, профессор, Санкт-Петербург қ-сы, Бегімбай Кабира Мухамбетжановна  п.ғ.к., Л.Н.Гумилев атындағы университетінің профессоры, Садыкова Жанна Марковна  п.ғ.к., профессор, Л.Н.Гумилев атындағы университеті, Назарбаев Зияткерлік мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімі  Сейтмолдинов Дархан Назарбекұлы, Адамкулов Нурали Мерекебаевич І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің профессоры, Умралиева Бэла Илларидановна Қазақ технология және бизнес университетінің профессоры, Байжанова Ж.Б. к.т.н., асс.профессор, Мәриям Езиева «АҚДЕНИС» университетінің профессоры, Ахмет Ақжібек Нұрланқызы №30 мектеп-гимназия көркем еңбек пәні мұғалімі.

Сондай-ақ, практикалық сабақтар аясында қол өнері шеберлерінің көрмесі, қылқалам шеберлерінің көрмесі, «Әжелердiң iзiмен» және «Бабалар мұрасы-ұрпаққа аманат»  атты жүн сабау, жүн түту, ұршық иіру, бұйым тоқудан шебер сыныптар ұйымдастырылды. Сән үлгілері (дефиле) көрсетілді.  

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған