«Step by step» технологиясы арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін дамыту қалалық семинар

2023 жылғы 29 наурызда Астана қаласы әкімдігінің №77 «Қошақан» балабақшасында «Step by step» технологиясы арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін дамыту тақырыбындағы эксперименттік алаңның жабылу қорытындысы бойынша қалалық семинар өтті.

Семинар барысында «Step by step» халықаралық қауымдастығының мүшесі директор, педагогика ғылымының кандидаты Б.С. Ноғайбекова және №15 «Дарын» балабақшасының меңгерушісі Н.Г. Юсупова сөз сөйледі.

№77 «Қошақан» балабақшасының педагогтері «Step by step» технологиясы және түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттер ұсынды.

Сонымен қатар семинарда көрме ұйымдастырылды, семинар соңында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары іс-шарадан алған әсерлерімен бөлісті, кері байланыс берді.

Аталған іс-шараға 25 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен педагогтары қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған