ЦИФРЛЫҚ ПЕДАГОГИКА БАЛАБАҚШАДА

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК және
ҚР ОАМ «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша кәсіби даму институтының 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес
24  наурыз күні мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының инновация бойынша әдіскерлеріне арналған «Ойын іс-әрекетінде пайдаланылатын бейнероликтер жасаудағы цифрлық құралдар»тақырыбындақалалықсеминар-практикумы өтті.

Семинар-пратикумның мақсаты- мектепке дейінгі білім беру жұмысын ұйымдастыруда қолданылатын цифрлық құралдарды қолдану ерекшеліктерімен таныстыру.

Семинар-практикумда ҚР ОАМ «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Астана қаласы бойынша КДИ аға оқытушысы Гульмайра Умирбековна«Применение цифровых инструментов в работе педагога ДОО» тақырыбында шебер-сынып көрсетті.

Сонымен қатар, «Интерактивті тақтамен жұмыс жасауда балалардың   байланыстырып сөйлеу қабілеттерін арттыру», «Мектепке дейінгі жастағы балалармен ойын әрекеттерін ұйымдастыруда интерактивті әдістерді қолдану», «Дамытушы ойындар кейсін жасауда қолданылатын цифрлық технологиялардың түрлері» тақырыбында әдіскерлер озық технологиялармен таныстырып, тәжірибе жүзінде жұмыстар жасады.

Әдістемелік орталық әдіскері CANVA қосымшасында жұмыс жасау техникасымен бөлісті.

Семинарға елордалық мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарының инновация бойынша әдіскерлері қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған