Астана қаласы әкімдінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру, кәсіби өсуіне ықпал жасау мақсатында 20 наурыз күні «А. Байтұрсынұлы мұрасы: зерттеу, талдау және насихаттау» республикалық
педагогикалық оқудың ІІ республикалық кезеңі Рудный қаласында онлайн форматта өтті. ІІ кезеңге Астана қаласы және Рудный қаласының 21 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қатысты.
Қатысушылар «А. Байтұрсыновтың педагогикалық ой-пікірлері және оның тәлімдік мүмкіндіктері»; «А. Байтұрсыновтың шығармаларын сабақ үрдісіне енгізудің әдістемесі»; «А. Байтұрсыновтың әдістемелік мұралары»; «А. Байтұрсынов мұраларының ғылыми педагогикалық негізі»; «А. Байтұрсынұлының педагогикалық көзқарастары»; «А. Байтұрсынұлы және қазақ тілін оқыту әдістемесі»; «Жаңартылған оқу бағдарламасының А. Байтұрсынұлы ұстанымымен сабақтастығы»; «А. Байтұрсынұлының шығармалары – жас ұрпақты тәрбиелеудің көзі» тақырыптары бойынша Ахмет Байтұрсынұлының оқу ағарту саласындағы әдіс-тәсілдерін зерделеу, зерттеу арқылы қазіргі білім беру жүйесіне қазақы, ұлттық танымға, түйсікке, қанына, тәніне жақын тәжірибеден өткен әдістерін қайтара қарастыра отырып, бүгінгі таңда құндылықтарға негізделген білім беру идеясына сабақтастығын қарастырған жұмыстарын ұсынды.