«Үздік педагог тәжірибесі» қалалық тәжірибе алмасу алаңы

2023 жылдың 20 наурызында «Әдістемелік орталық» МКҚК ұйымдастырған «Үздік педагог тәжірибе алмасу алаңында» Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің «Үздік педагог-2017» жеңімпазы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі   Есильбаева Ұлболсын Ахметоллақызы өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Сабақ үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдердің оқытудағы маңызын ажырату мақсатында «Белсенді әдіс-тәсілдерді жүйелі қолдану – білім сапасын арттырудың тиімді жолы» семинар-тренинг өтті.  Оқушыны дамытатын дағды мен қабілеттерді анықтау, белсенді оқыту стратегиясы бойынша тәжірибе алмасу, әдістемелік көмек көрсету. Семинар барысында қарапайым әдістен бастап, белсенді, креативті тәсілдерге сараптама жасалынып, қатысушыларды үш топқа біріктіріп, жеке, жұптық, топтық жұмыс жүргізілді, қатысушыларға кәсіби тұрғыдан көмек көрсетілді, пайдаланған әдіс-тәсілдері тиімді, сәтті шықты.

Әдістемелік орталық пен барлық қатысушылар атынан әріптесімізге алғыс білдіреміз, биіктен көрініп, шығармашылығыңыз арта берсін!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған