«Үздік педагог тәжірибесі» қалалық тәжірибе алмасу алаңы

«Үздік педагог тәжірибесі» қалалық тәжірибе алмасу алаңы бойынша 2023 жылдың  20 наурыз күні №5 гимназияда «Белсенді әдістерді жүйелі қолдану – білім сапасын арттырудың тиімді жолы» тақырыбында педагог-шебер Қылышбаева Гүлзипа Әуесқызының  тәжірибесіне негізделген дөңгелек үстел өтті. Шараның мақсаты – әр педагогті өзіндік танымға ынталандыру, өзінде бар қасиеттері мен мүмкіндіктерін жетілдіру, педагогтік әрекетіне рефлексия жасауға үйрету арқылы кәсіби дамыту.  Дөңгелек үстелде «Өзіндік таным», «Өзіндік қажет», өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру түсініктеріне педагогикалық негіздеме, «Мұғалімнің кәсібилігі – тұлғалық қалыптасуына байланысты ма?», өзіндік бағалау, рефлексия, «Блум таксономиясы бойынша қай сатыда тұрмын?» тәрізді тақырыптар қамтылды. Орта мектептерде білім берудің жаңаша үйлестірілген стандарттарын әзірлеу және бекіту бойынша жұмыстар жүргізілу қажеттілігі заман талабы болып отыр. Соның бірі – ХХ ғасырдың 60-70 жылдары АҚШ-тың көптеген білім беру мекемелері кеңінен қолданған Блум таксономиясы. Осы аталған іс-тәжірибені білім саласында тиімді қолданып жүрген Күлзипа Әуесқызы Америкалық педагог-ғалым Б. Блум тәжірибесін ақын М. Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегімен ұштастыра білді. Қылышбаева Гүлзипа Әуесқызының  іс-тәжірибесі республика көлеміндегі ұстаздарға кеңінен насихатталғаны дұрыс деген ұсыныс айтылды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *