Үздік  педагог тәжірибесі

2023 жылғы  20 наурыз күні Астана  қаласы  Әдістемелік орталық әдіскерлерінің ұйымдастыруымен «Үздік  педагог тәжірибесі» қалалық тәжірибе алмасу алаңы болды.  Тәжірибе алмасу  алаңында елордалық педагогтерге  Астана қаласының  әр жылғы Республикалық «Үздік педагог»  конкурсының  жеңімпаздары К.Кылышбаева, У. Есильбаева, Н.Кудабаев, С.Парманова, С.Сагатбекова, Б.Бимендин, Г.Ұзақбайқызы, С.Кулметов    іс-тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шараға 400 педагог қатысты.

 Үздік педагогтер:

– «Мұғалімді тұлғалық және кәсіби тұрғыдан дамыту мүмкіндіктері»;

– «Белсенді әдістерді  жүйелі қолдану –білім сапасын арттырудың  тиімді жолы»;

– «Білім сапасын көтеруде оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін  тиімді қолдану»;

– «Зерттеуге бағытталған оқыту әдістері:PBL.5E  Engineering»;

– «Отбасы – тәрбие үдерісін инновациялау – бүгінгі күннің өзекті мәселесі»;

– «АКТ технологиясын сабақта пайдалану жолдары» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шараға қатысқан педагогтер алған әсерлерімен бөлісіп, ризашылықтарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған