Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК 2023 жылдың 23 ақпан №28 бұйрығына сай қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру, кәсіби өсуіне ықпал жасау мақсатында «А. Байтұрсынұлы мұрасы: зерттеу, талдау және асихаттау» республикалық педагогикалық оқуы өткен болатын. Педагогикалық оқу екі кезеңнен тұрды. Іріктеу кезеңі бойынша Өтінім берген 57 педагог жұмысы сарапталып, І кезеңге 25 жұмыс жіберілді. І қалалық кезең офлайн форматта Астана қаласында өтті.
Педагогикалық оқуға ұсынылған тақырыптар:
- «А. Байтұрсыновтың педагогикалық ой-пікірлері және оның тәлімдік мүмкіндіктері»;
- «А. Байтұрсыновтың шығармаларын сабақ үрдісіне енгізудің әдістемесі»;
- «А. Байтұрсыновтың әдістемелік мұралары»;
- «А. Байтұрсынов мұраларының ғылыми педагогикалық негізі»;
- «А. Байтұрсынұлының педагогикалық көзқарастары»;
- «А. Байтұрсынұлы және қазақ тілін оқыту әдістемесі»;
- «Жаңартылған оқу бағдарламасының А. Байтұрсынұлы ұстанымымен сабақтастығы»;
- «А. Байтұрсынұлының шығармалары – жас ұрпақты тәрбиелеудің көзі».
КЕРЕМЕТ тәжірибе алмасу болды.Республикалық кезеңі бүгін онлайн форматта өтті.Мен де өз тәжірибе мен бөлістім.