«Қазіргі білім беру тенденциялары» атты халықаралық семинар-тренинг өткізілді

17 наурыз  күні Астана қаласы Білім басқармасы және «Әдістемелік орталық» МКҚК қолдауымен Астана қаласы әкімдігінің «№92 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК «Білім беруді дамыту және зерттеу қоғамдастығы» біріге отырып, «Қазіргі білім беру тенденциялары» атты халықаралық семинар-тренинг өткізілді.  Сингапур мемлекетіне іс-тәжірибе сапарымен барған Астана қаласының директорларының шақыруымен Sing Ed Global мектеп үйінің аға вице-президенті, бірнеше мектеп директоры және Ph.D доктор Ган Чин Хуат пен Sing Ed Global мектеп үйінің атқарушы президенті, Ph.D доктор Ко Тиам Сенг тәжірибе алмасуға Қазақстанға келді. «Белсенді оқыту, интерактивті педагогика», «Оқыту стратегиялары», «Оқытуда технологияны қолдану» және «Киберқауіпсіздік және цифрлық ресурстар»  тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті.  Семинардың мақсаты: ХХІ ғасырдағы білім беру, қазіргі білім беру саласындағы оқыту стратегиялары, білім берудегі интерактивті технологиялар, цифрлы білім беру және киберқауіпсіздік тақырыптары бойынша әлемдік озық  тәжірибемен бөлісу болды. Семинарға «Әдістемелік орталық» басшысы Дауешова С.М. мен әдіскерлері және мектеп басшылары мен мұғалімдер қатысты. Қатысушылар қазіргі білім саласындағы алдыңғы қатарлы тренд саналатын жаңалықтар туралы мол ақпаратпен танысып, жаһандық білім  саласының ұтқыр идеяларынан кең мәлімет алды. Келген қонақтар мектебіміздің ұлттық құндылықтарға арналған  оқушыларымыздың  қолөнер бұйымдарының көрмесін тамашалады. Әз-Наурыз мерекесі қарсаңында атқарылып жатқан шараларға қатысты. Ұлттық ойындарды тамашалады.  Ұлттық тағамдардан дәм татып көрді. Ғалымдар мұғалімдердің шеберлік сабақтарына қатысып, оқушылармен әңгімелесті. Мазмұндылығымен қызықты болған халықаралық семинар – тренинг ұйымдастырушыларына қатысушылар зор ықыластарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған