Музыка сабағында хормен ән айту дағдыларын жетілдіру

           2023 жылғы 16 наурызда Әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында  «Музыка сабағында хормен ән айту дағдыларын жетілдіру» тақырыбында оқыту семинары өтті.

          Семинарды өткізудің мақсаты Астана қаласының жалпы білім беретін мектептеріндегі  музыка пәні педагогтерінің кәсіби шеберлік деңгейін, педагогикалық құзіреттілігін арттыру мен дамуына ықпал ету, музыка сабағында хормен ән айту дағдыларын жетілдіру, үздік тәжірибелі педагогтердің  іс-тәжірибелерін тарату және әдістемелік қолдау көрсету болып табылады.

        Семинар аясында Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназиясы  музыка пәні мұғалімі Е.А.Әбет Елена  «Хорды ұйымдастырудың тиімді әдіс – тәсілдері» атты шебер сыныбын, №1 Өнер мектебінің  директордың бейіндік оқу жөніндегі орынбасары Б.А.Турманова «Хор сабағындағы жаттығулардың рөлі», «Экономикалық лицей» ЖШС музыка пәні мұғалімі Б.А.Кудербекова «Мектеп жасындағы вокалды-хор ұжымымен жұмыс жасау ерекшеліктері»,  №1 Өнер мектебінің хор, сольфеджио пәндерінің оқытушысы Ж.Т. Нурумбетова «Кіші хордағы Канон бойынша жұмыстың бастапқы кезеңі», Дирижерлеу магистрі, ҚазҰӨУ студенттік хор капелласының көркемдік жетекшісі және дирижері Б.А. Смаков «Қазақстандағы хор өнерінің кезеңдері, дамуы, жаңашылдығы» тақырыбында, философия докторы (PhD), ҚазҰӨУ  «Хор дирижерлеу» кафедрасының меңгерушісі Г.Б.Аргингазинова «Вокалды-хор жаттығуларында балалар дауысының ән регистрлерін қалыптастырудың физиологиялық механизмдері» тақырыбында шебер-сыныптарын өткізді.  №15 мектеп-лицейінің  музыка пәні мұғалімі Ұ.М.Жолшибекова «Хор үйірмесін ұйымдастырудағы өзекті мәселелер» тақырыбында шеберлік сыныбын көрсетті.                                                                             

          Қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен бөлісті, қойылған сұрақтарды талқылады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған