Learningapps org, liveworksheets онлайн сервистерінде электронды тапсырмалар жинағын құрастырудың тиімді жолдары

13 наурыз күні Астана қаласы әкімдігінің Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінде Астана қаласы әкімдігінің әдістемелік орталығымен бірлесе отырып «Learningapps org, liveworksheets онлайн сервистерінде электронды тапсырмалар жинағын құрастырудың тиімді жолдары» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарға Астана қаласы Алматы ауданының информатика пәні мұғалімдері қатысты. Семинар практикумда №50 мектептің информатика пәнінің мұғалімі Тансикбаев Адилхан Абилович өз іс тәжірибелерімен бөлісе отырып ,интербелсенді электронды тапсырмалар құрастыру, құрастырылған тапсырмаларды жинақтап электронды оқулықтар жасау, сайт ашып сайтқа орналастыру, электронды оқулық жасау бағдарламасында жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері жайлы мол мағлұматтар берді. Семинарда меңгерген тақырыптары бойынша пән мұғалімдері компьютерде практикалық жұмыс жасап, электронды тапсырмалар құрастырып, электронды оқулыққа жинақтаудың оны сабақта пайдаланудың оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруда, оқушылардың білім сапасын көтеруде мүмкіндігі мол екендігіне көз жеткізіп, семинардан көп ақпарат алғандарына ризашылықтарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған