Пән мұғалімдерінің күрделі тақырыптар бойынша пәндік құзыреттіліктерін дамыту

Астана қаласы   Әдістемелік орталығының  ұйымдастыруымен  2023 жылғы  16 қаңтар күні А.Құнанбаев атындағы №87  мектеп- гимназия базасында  биология пәні педагогтеріне «Пән мұғалімдерінің күрделі тақырыптар бойынша пәндік құзыреттіліктерін дамыту»  қалалық оқыту семинары өтті. Шараға елорда мектептерінің биология пәні бойынша  80  педагогі қатысты.

Қалалық оқыту семинарында Орталықтың әдіскері Ш.Шакирова сөз сөйлеп,  семинардың  мақсаты мен бағдарламасымен таныстырды.  А.Құнанбаев атындағы №87 мектеп-гимназиясының  биология  пәні мұғалімі Қасымова Ләзім Талғатқызы «Биология пәнінен 10-11 сыныптардағы   күрделі тақырыптарды меңгерту  және  олимпиада тапсырмаларының шешу жолдарына тоқталды.  Семинарда әрбір  педагогтер  жеке жұмыс жасады.

 А.Құнанбаев атындағы №87 мектеп-гимназиясының  психологтары Ж.Жунусова, М.Қыдырмолдина «Жақсы көңіл — күй күні» тренинг өткізді. Семинар соңында қатысушылар өз ойлары мен бөлісіп, Әдістемелік орталықтың әдіскері Ш.Шакироваға  және А.Құнанбаев атындағы №87 мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Лазим Талғатқызына  ризашылықтарын білдірді.

Один комментарий

Ответить

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *