«Ата-ана және жасөспірім- жағымды қарым-қатынас» ата-аналарға арналған семинар — тренингтер

2024 жылдың 15-16 наурыз күндері Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің ұйымдастыруымен №№24,40,65,89,96,97 мектептерінің ата-аналарына «Ата-ана және жасөспірім- жағымды қарым-қатынас» атты тақырыпта семинар-тренингтер өткізілді.

Психологиялық қолдау бөлімінің әдіскерлері әңгімелесу, рөлдік ситуациялық жаттығулар, бейнероликтер арқылы балалармен тиімді қарым-қатынас жасаудың сәтті жолдары, ата-ана мен бала қарым-қатынасын үйлестіру әдістерімен бөлісті.

Әдіскерлер балалар мен ата-аналар арасындағы оң қарым-қатынасты қалыптастыру бойынша ата-аналарға ұсыныстар берді. Кері байланыс ретінде психологиялық сауалнама таратылды. Сонымен қатар, ата – аналарға қаламыздың бес ауданында жұмыс істейтін психологиялық- консультативтік көмек көрсету кабинеттері және психологтың ақысыз негізде кеңес алу мүмкіндігі туралы ақпарат берілді.

Ответить

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *