№93 мектеп-лицейінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында оқыту семинары өтті

2025 жылғы 24 қаңтар күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру тетіктері» тақырыбында мектепішілік оқыту семинары өтті.

Семинар барысында директорың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Р.М. Тлеубаева «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының маңыздылығы, тәрбие бағытында жүзеге асырылуына және оның тәрбие процесіндегі рөліне тоқталып өтті.

Тәрбие құндылықтарын бастауыш сынып пәндеріне енгізу бойынша бастауыш сынып мұғалімдері Н.Есенгельдиевна мен Б.Койшинова, тәрбие құндылықтарын гуманитарлық бағытындағы пәндерге енгізу бойынша тарих пәнінің мұғалімі Е.Ожыков, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Ергазиева, құндылықтарды жаратылыстану бағытындағы пәндерге енгізу бойынша химия пәні мұғалімі Г.Оспанова, физика пәні мұғалімі Н.Ешимова, математика пәні мұғалімі Ж.Еділбаева, тәрбие құндылықтарын дене шынықтыру, эстетика бағытындағы пәндерге енгізу бойынша музыка пәні мұғалімі Г.Турсынова және эстетика бірлестігі өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинардың практикалық бөлімінде педагогтер топтарға бөліні, 6 құндылық бойынша таңдап алған оқу мақсаттарына сәйкес құндылықтарды пәнге енгізу бойынша практикалық жұмыс жүргізді.

Семинар соңында Әдістемелік орталықтың әдіскерлері семинар жұмысына кері байланыс беріп, өз ұсынымдарын берді.

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында өткен семинар мектеп ұжымы үшін құнды тәжірибе алмасу алаңы болды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *