№45 «Самұрық» балабақшасына инклюзивті білім беру бойынша әдістемелік көмек көрсетілді

2025 жылғы 8 сәуірде Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МККҚ арнайы және инклюзивті білім беру бөлімінің әдіскерлері №45 «Самұрық» балабақшасында әдістемелік күн өткізді.

Мақсаты: тәрбиешілер мен арнайы мамандарға ЕББҚ бар балалармен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру барысында оқытуды реттейтін инклюзивті және арнайы білім берудегі нормативтік құқықтық актілерді қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсету.

Әдістемелік көмек көрсету барысында тәрбиешілер мен арнайы педагогтар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың ерекшеліктерімен, ППҚ қызметін ұйымдастырумен танысты. Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеудің заманауи әдістері мен тәсілдері көрсетілді.

Арнайы педагогтармен кері байланыс жүргізілді. Әдістемелік күн барысында инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ұсыныстар берілді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *