«2025 жылға арналған мемлекеттік тапсырыс негізіндегі біліктілікті арттыру жоспары» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған вебинар өтті!

2025 жылдың 19 ақпанында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, Үздіксіз білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес «2025 жылға арналған мемлекеттік тапсырыс негізіндегі біліктілікті арттыру жоспары» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған вебинар өтті.

Вебинардың мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 2025 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының өту тәртібі және білім беру ұйымдарында біліктілікті арттыру жұмысын тиімді ұйымдастыру мәселелерімен таныстыру.

Вебинарға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорларының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен әдіскерлер қатысты.

Вебинар барысында 2025 жылы мемлекеттік тапсырыс негізінде өтетін біліктілік арттыру курстарының жоспары мен өту тәртібі қарастырылды. Сонымен қатар, қатысушыларға 2024 жылы өткен біліктілікті арттыру курстары бойынша сараптамалық есеп ұсынылып, білім беру ұйымдарында біліктілікті арттыру жұмысын тиімді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берілді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *