2025 жылға арналған мемлекеттік тапсырыс негізіндегі біліктілікті арттыру жоспары

2025 жылдың 5 ақпанында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, Үздіксіз білім беру бөлімі ұйымдастыруымен бөлімнің жоспарына сәйкес «2025 жылға арналған мемлекеттік тапсырыс негізіндегі біліктілікті арттыру жоспары» тақырыбында орта білім беру ұйымдарына арналған вебинар өтті.

Вебинардың мақсаты – орта білім беру ұйымдарында 2025 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының өту тәртібі және білім беру ұйымдарында біліктілікті арттыру жұмысын тиімді ұйымдастыру мәселелерімен таныстыру.

Вебинарға орта білім беру ұйымдары директорының бейіндік жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Вебинар орта білім беру ұйымдарында 2025 жылы мемлекеттік тапсырыс негізіндегі педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының жоспары мен өту тәртібімен танысты. Сонымен қатар, қатысушыларға 2024 жылы өткен біліктілікті арттыру курстары бойынша сараптамалық есеп ұсынылып, білім беру ұйымдарында біліктілікті арттыру жұмысын тиімді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берілді.

Вебинар соңында педагогтер онлайн сауалнамаға қатысып, іс-шараның өзектілігін атады.

Іс-шараға 67 педагог қатысты

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *