№2 ПМПК-нің 20 жылдығына орай арнайы мамандарға арналған семинар практикум өтті

2025 жылғы 2 мамыр күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен №2 ПМПК-нің 20 жылдығына орай мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарының арнайы мамандарына арналған «ПМПК: Сенім, тәжірибе және кәсібилік — 20 жылдық дамуы мен жетістіктері» тақырыбында семинар-практикум өтті.

Семинар барысында:

-кәсіби бірлікке апарар жеті қадам: ПМПК командасының жолы;

-ерекше баланы тәрбиелей отырып, ішкі тіректі қалай табуға болады?;

— эмоциялық күйзелістен тыныс алу және дене жаттығулары арқылы қалай арылуға болады? ;

— инклюзиялық калейдоскоп ;

— ойнай отырып дамимыз;

— ата-аналармен жұмыс: «Тең құқылы диалог» тақырыптарында ақпарат беріліп, ЕББҚ бар балалармен жұмыс жасаудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, шебер сыныптар көрсетілді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *