№18 «АЯЖАН» БАЛАБАҚШАСЫНДА «ӘДІСТЕМЕЛІК ДЕСАНТ» ӨТТІ

2025 жылғы 5 ақпан күні Астана қаласының Әдістемелік орталығы «Әдістемелік десант» жобасы аясында №18 «Аяжан» балабақшасының педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында әдістемелік десант ұйымдастырды.

Іс-шара барысында балабақша ұжымының педагогтеріне мектепке дейінгі тәрбиелеу процесінде қатысты өзекті әдістемелік мәселелер қарастырылды. Орталық әдіскерлері педагогтерге нормативтік құжаттармен жұмыс жасауды, перспективалық жоспар және циклограмманың жазу үлгісін, баланың жеке даму картасын толтыру талаптарын, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жасауда негізгі құжаттарды, педагогтердің кәсіби өсуі мен педагогикалық әзірленімді құрастыру ерекшеліктерін түсіндіріп, жан-жақты ақпаратты ұсынды. Сонымен қатар, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жүзеге асыру жолдарына тоқталды.

Семинар-практикумда педагогтер кері байланыс жасап, ой-пікірлерімен бөлісті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *