№111 ОРТА МЕКТЕПТЕ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КЕЙС-СЕССИЯ ӨТТІ

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК қолдауымен 2025 жылғы 14 ақпанда сағат 10:00-де Астана қаласы әкімдігінің №111 орта мектебінде «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында кейс-сессия өтті. Бұл іс-шара білім беру саласындағы басқарушылық шешімдерді жетілдіру мен инновациялық әдістерді енгізуге бағытталған тәжірибе алмасу алаңы ретінде ұйымдастырылды.

Кейс-сессияға Астана қаласы мен Абай облысының Білім басқармасы, Әдістемелік орталығының өкілдері, білім беру ұйымдарының директорлары қатысты. Бағдарлама аясында мектеп басшыларына «Жайлы мектеп» моделінің негізгі бағыттары таныстырылып, жаңа білім беру кеңістігін қалыптастырудың үздік тәжірибелері талқыланды.

Іс-шара барысында қатысушылар мектеп инфрақұрылымының заманауи жабдықталуымен танысты.

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған ата-аналарды психологиялық сүйемелдеуге арналған «Кеңес» жобасы, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен мәдениетін насихаттау үшін ұйымдастырылған «QazaqFest» жобасы, қзақ қыздарының бойына ұлттық әдеп- ғұрыптарды меңгерту, инабаттылық пен сұлулықты дәріптеуді насихаттайтын «Сырғалым» жобасы, әлеуметтік желіде ұлттық құндылықтар мен отбасы құндылықтарын насихаттайтын «Салауат» жобасы, оқушыларға, ата-аналарға және мұғалімдерге қажетті ақпаратты жылдам ұсынатын «111 Телеграм» цифрлық жобасы, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс-шаралар, қалдықтарды сұрыптау және экологиялық жобаларды жүзеге асыру мақсатындағы «Эколәлем» жобасы, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауға, олардың білім алуына тең мүмкіндік жасау мақсатында құрылған «Qadam» жобасы, 3 D принтер, роботтар мен Meta Quest виртуалды шындық көзілдірігі көмегімен жасалған эксперименттің жобалардың жұмыстары көрсетілді.

Сонымен қатар, «Teachers Lab» шығармашылық зертханасының «Fail Conference» арнайы жобасы ұйымдастырылды. Бұл жобада білім беру саласындағы жетістіктер мен мүмкіндіктер талқыланып, кәсіби даму мен жаңа идеялар ұсынылды.

Іс-шара нәтижесінде білім беру ұйымдарының басшылары білім беру үдерісін жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеп, тәжірибе алмасты. «Жайлы мектеп» жобасы бойынша жабдықталған оқу орындарының материалдық-техникалық базасына, білім беру үдерісін ұйымдастырудағы заманауи тәсілдерге жоғары баға беріп қайтты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *