2025 жылғы 17-24 наурыз аралығында Үндістанның Варанаси қаласында цифрлық педагогика және әлеуметтік-эмоционалдық оқыту (SEL) бойынша халықаралық оқыту бағдарламасы өтті, ол Үндістан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен UNESCO MGIEP және IUCTE бірлескен ITEC (Indian Technical and Economic Cooperation Programme) бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Цифрлық оқыту мен SEL – екі бағыт «жалпыға бірдей инклюзивті және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және өмір бойы білім алуға ықпал ету» №4 Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ 4) қол жеткізудің негізгі құралы ретінде қарастырылады.
Астана қаласынан бағдарламаға келесі өкілдер қатысты:
· Касенова Альбина Бақытбекқызы, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК бөлім басшысы;
· Байжаханов Әділбек Мәлікович, Астана қаласы әкімдігінің «№9 «Зерде» мамандандырылған лицей» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
Бағдарлама аясында интерактивті шеберлік сыныптар, білім беру процесінде цифрлық құралдарды қолдану бойынша практикалық жаттығулар, мектепке дейінгі және бастауыш білім беруге арналған SEL әдістері, сондай-ақ мазмұнды мәдени бағдарлама ұйымдастырылды. Қатысушылар тоқу шеберханасына, Ганга Аарти рәсіміне және Сарнатх будда орталығына барды.
Бағдарламаның ерекшелігі халықаралық байланыстар орнату болды. Іс-шара барысында Әдістемелік орталық пен UNESCO MGIEP арасында ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қою мүмкіндігі талқыланды. Сонымен қатар, болашақтағы өзара іс-қимыл мен бірлескен бастамаларды жүзеге асыру бағыттарын келісу үшін UNESCO MGIEP өкілдерімен онлайн-кездесулер өткізу жоспарлануда.
Аталған бағдарламаға қатысу Астана қаласының білім беру жүйесінде халықаралық серіктестікті кеңейтуге, педагог кадрлардың біліктілігін арттыруға және инновациялық тәсілдерді ілгерілетуге бағытталған маңызды қадам болды.