«Дұрыс тамақтану туралы әңгіме» бағдарламасының әдістемелік компонентін жетілдіру және ұлттық мәдениет пен әдет-ғұрыпқа қызығушылықты қалыптастыруға байланысты үздік педагогикалық тәжірибелерді насихаттау мақсатында 2024 жылғы 12 сәуір күні бастауыш сынып педагогтері арасында Алматы қаласында «Әдістемелер» байқауының республикалық кезеңі өткізілді.
Байқауға Астана, Алматы қалалаларының 7 педагогі, қалалық кезең жеңімпаздары қатысып, өз жұмыстарымен таныстырды.
Байқауға ұсынылған жұмыстар келесі критерийлер бойынша бағаланды:
- «Дұрыс тамақтану туралы әңгіме» бағдарламасына тақырыптық сәйкестігі;
- Жаңашылдық және өзіндік ерекшелігі;
- Методологиялығы;
- Технологиялығы;
- Тиімділігі.
Байқау нәтижесі бойынша:
- Серикбаева Айдана Маратовна – гран-при, Ш. Құдайберді атындағы
 №56 мектеп-лицей;
- Жакишева Салтанат Кенжегалиевна — 3 орын, Р. Қошқарбаев атындағы
 №44 орта мектеп;
- Тажибаева Камшат Балгинбаевна — 3 орын, С. Қожанов атындағы
 №64 мектеп-лицей.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!















