«Үздік педагогикалық идеялар» қалалық байқау-фестивалінің марапаттау рәсімі

2023 жылдың 17 мамыры күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес  Астана қаласының техникалық және кәсіптік ұйымдарының педагогтері арасында «Үздік педагогикалық идеялар» қалалық байқау-фестивалінің марапаттау рәсімі  Еуразиялық гуманитарлық институттың жоғары колледжі базасында өтті.

           Байқау –фестиваль жұмысына ТжКББ ұйымдарының 193 педагогы қатысты. Байқау 6 бағытта ұйымдастырылды:  Үздік бейнесабақ, Жастық шақ пен тәжірибе: жас педагог және тәлімгер, Педагогтің үздік сайты (блогы), Дәстүрден инновацияға, ТжКББ инклюзивті білім беру: жұмыс тәжірибесі, Үздік сыныптан тыс жұмыс.

           Байқау-фестивальдің сараптамалық комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі  Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының, «El Umiti»  корпоративтік қорының,  Астана  қаласы  білім беру қызметкерлері кәсіптік одағының өкілдері, Әдістемелік орталықтың  техникалық және кәсіптік білім беру,  арнайы және инклюзивті білім беру,   IT және баспа қызметі бөлімдерінің басшылары және Астана қаласы ТжКББ ұйымдары директорларының оқу-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасарлары кірді.  

     Конкурстық материалдарды сараптау нәтижелері бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:      

 «Үздік бейнесабақ» бағыты бойынша:

І дәрежелі диплом — Анарова Айнаш Абдунабиевна, Тлеужанова Асемгуль Бейсенбаевна, Жоғары медициналық колледжінің оқытушылары;

ІІ дәрежелі диплом — Хижинская Антонина Александровна, Сервис және туризм колледжінің оқытушысы;

ІІ дәрежелі диплом — Шаяхметова Жазира Боранбаевна, Жоғары көлік және коммуникация колледжінің оқытушысы;

ІІ дәрежелі диплом — Ибраева Анар Кусаиновна, Астана халықаралық университетінің педагогикалық колледжінің оқытушысы;

ІІІ дәрежелі диплом — Ахметова Айгуль Толеубаевна, Жоғары көлік және коммуникация колледжінің оқытушысы;

ІІІ дәрежелі диплом Исабаева Кульбаршин Амамбаевна, Құрылыс-техникалық колледжінің оқытушысы;

ІІІ дәрежелі диплом Жолмырза Назерке Мәмбетәліқызы, «Республикалық Медициналық Академия» медициналық колледжінің оқытушысы.

 «Жастық шақ пен тәжірибе: жас педагог және тәлімгер» бағыты бойынша:

І дәрежелі диплом – Тогайбаева Назира Куандыковна, Нышанбек Аяулым Усенқызы, Техникалық колледжінің оқытушылары;

ІІ дәрежелі диплом — Есентаева Жамиля Бейсебайкызы, Ақпанова Айтолқын Серікқызы, Жоғары көлік және коммуникация колледжінің оқытушылары;

ІІІ дәрежелі диплом — Мухаммедия Самал Ескендировна, Жемісбек Қапура, «ASTANA POLYTECHNIC»  жоғары колледжінің оқытушылары;

ІІІ дәрежелі диплом — Усенбаева Аида Жанайдаровна, Жанасова Элеонора, Сервис және туризм колледжі оқытушылары.

«Педагогтің үздік сайты (блогы)» бағыты бойынша:

І дәрежелі диплом — Бабаева Шолпан Мухамедиевна, Канапина Асем Кабдулмуталаповна, Жоғары көлік және коммуникация колледжінің оқытушылары;

ІІ  дәрежелі диплом — Жумабаева Салтанат Тасбулатовна, Сервис және туризм колледжінің оқытушысы;

ІІ дәрежелі диплом — Чалгинбаева Гульназ Солтангазыевна,  Жоғары көлік және коммуникация колледжінің оқытушысы;

ІІІ дәрежелі диплом — Естемесов Талгат Нурманбетович, Жоғары көлік және коммуникация колледжінің оқытушысы;

ІІІ  дәрежелі диплом — Достанова Кымбат Руслановна, Техникалық колледжінің оқытушысы;

ІІІ дәрежелі диплом — Нурмагамбетова Асемгуль Бейбутовна,  Қазтұтынуодағының жоғары  колледжінің оқытушысы.

«Дәстүрден инновацияға» бағыты бойынша:

І дәрежелі диплом — Кусайынов Санабек Ахметбекович, Капезов Берлик Еркенович, Жоғары көлік және коммуникация колледжінің оқытушылары;

ІІ дәрежелі диплом — Сеитова Жанна Ергалиевна, Нұрманова Ақжарқын Дарханқызы, Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің оқытушылары;

ІІ дәрежелі диплом — Нургалиева Тансык Узбековна, «Даналық» жоғары медициналық колледжінің оқытушысы;

ІІІ дәрежелі диплом — Бейсембаев Бауржан Жексенбаевич, Жоғары «ASTANA POLYTECHIC» колледжінің оқытушысы;

ІІІ дәрежелі диплом — Сарсенова Ботагоз Сагантаевна, «Даналық» жоғары медициналық колледжінің оқытушысы;

ІІІ дәрежелі диплом — Кайржанова Еркежан Рамазановна, Еуразиялық гуманитарлық институттың жоғары колледжінің оқытушысы.

«ТжКБ инклюзивті білім беру: жұмыс тәжірибесі» бағыты бойынша:   

ІІ дәрежелі диплом — Сеитова Жанна Ергалиевна, Король Алла Васильевна», Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің  оқытушылары.

«Үздік сыныптан тыс жұмыс» бағыты бойынша:

І дәрежелі диплом — Мухтарова Гүлнара Нұрсейтқызы, Республикалық медицина академиясының оқытушысы;

ІІ дәрежелі дипломЗаитов Алмас Рифхатович, Хатпина Бибигуль Жанбулатовна, Жоғары көлік және коммуникация колледжі оқытушылары;

ІІ дәрежелі диплом — Толеуова Назым Бейбитказыевна, Сейтахметова Айгерим Сериковна, «Даналық» жоғары медициналық колледжінің оқытушылары;

ІІІ  дәрежелі диплом Майжанова Галия Токтаровна, Жоғары медициналық колледжінің оқытушысы;

ІІІ дәрежелі диплом Дихамбаева Айнаш Калихановна, Буданова  Гульмира Еркиновна, Құрылыс-техникалық колледжінің оқытушылары;

ІІІ  дәрежелі диплом — Абельдинова  Динара  Кенжебековна, Мусулманкулова Мейрамгуль Аскербековна, Сервис және туризм колледжінің оқытушылары.

Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. Іс-шараға қатысушылар жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін байқау-фестивальдің Астана қаласындағы ТжКББ педагогтерінің эрудициясы мен кәсіби өсуін паш ететін тамаша алаңға айналғанын атап өтті. Әділ бәсекеде кәсіби шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік берген Әдістемелік орталықтың ТжКББ бөлімінің әдіскерлеріне алғыстарын білдірді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *