2024 жылғы 24 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен Ж. Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы «Әлемдік ойдың алыбы» қалалық семинарын өткізді. Бұл шараға «Бала Абай» эксперименттік алаң жұмысы аясында жұмыс жасайтын 30 білім беру ұйымының бастауыш сыныптың 40 мұғалімі қатысты. «БалаАбай» курсын оқытудағы тәжірибемен бөлісу, Абай шығармаларын сүйіп оқу, халқымыздың рухани құндылықтарын насихаттау. «Бала Абай» курсынан «Абай оқыған ертегілер» тақырыбында А.А. Саметова, Г.Т. Дүйсебекова, «Абай өлеңдері туралы жалпы түсінік» тақырыбында Н.Қ. Таукебаева, «Ғылым таппай, мақтанба» тақырыбында А.С. Рахимжанова, «Абайдың тұңғыш өлеңі: шығу тарихы» тақырыбында Б. Бокешова, «Абайдың қара сөздері: «толық» адам келбеті» тақырыбында Д.М. Әкімбек, «Абайдың аударма мысалдары – құндылық көзі» тақырыбында Т.К. Маменова ашық сабақ өткізсе, «Әлем таныған ұлы Абай атамыз» тақырыбында Ж.М. Базарбаева «Алтын қақпа» зияткерлік ойынын, бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдері «Жүрегіңнің түбіне терең бойла…» тақырыбында әдеби кеш өткізді. Рефлексия барысында семинарға қатысушылар ойларымен бөлісіп, жылы лебіздерін білдірді. Әдістемелік орталық әдіскері, эксперименттік алаң жетекшісі Жанар Сейтахметовна эксперимент алаңға қатысушыларға «Бала Абай» курсының қазіргі таңдағы бағытын, бағыт-бағдары мен маңызын айтып өтті.