Инклюзивті білім беру бөлімі
Бөлім басшысы: Марат Маншук Маратовна
Мақсаты: инклюзивті және арнайы білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесінің сапасы мен тиімділігін арттыру.
Міндеттері:
— білім беру ұйымдарында инклюзивті және арнайы білім беру бойынша оқу-тәрбие жұмысының жағдайын талдау;
— инклюзивті және арнайы білім беру педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету;
— білім беру ұйымдарындағы педагогтердің озық тәжірибелерін, инновациялық үдерістерді тарату;
— педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды болжау, жоспарлау және ұйымдастыру, педагогтерге үздіксіз білім беру жүйесінде ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету;
— педагогтер қауымдастығы мен шығармашылық топтардың қызметін үйлестіру.

Баспа қызметі ісі бөлімі
Бөлім басшысы: Амирхамзина Райгуль Гильмановна
Мақсаты: педагогикалық тәжірибені насихаттау және тарату
Міндеттері:
— орталықтың мерзімді баспасөз басылымдарын шығаруды жүзеге асыру;
— педагогтардың перспективті тәжірибесін, инновациялық үдерістер мен
қаланың білім беру жаңалықтарын тарату;
— білім беру ұйымдарының кітапханашыларын әдістемелік сүйемелдеу;
— білім беру ұйымдары кітапханаларын қамтамасыз ету мәселелерін зерттеу
және анықтау;
— кітапханашылардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру;
— қалалық сараптама кеңесін ұйымдастыру және өткізу;
— авторлық педагогикалық әзірлемелерді құрастыруда білім беру ұйымдарын
әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру.

Тәрбие және тұлғаны дамыту бөлімі
Бөлім басшысы: Бекетаева Гульдана Ескеновна
Мақсаты: жалпы білім беру және қосымша білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесінің сапасы мен тиімділігін арттыру.
Міндеттері:
— жалпы білім беретін және қосымша білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие жұмысының жағдайын талдау;
— «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын іске асыру бойынша педагогтерінің және қосымша білім беру ұйымдарының, тәлімгерлердің, әлеуметтік педагогтердің және директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының әдістемелік сүйемелдеу;
— білім беру ұйымдарындағы педагогтердің озық тәжірибелерін, инновациялық үдерістерді тарату;
— педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды болжау, жоспарлау және ұйымдастыру, педагогтерге үздіксіз білім беру жүйесінде ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету;
— педагогтер қауымдастығы мен шығармашылық топтардың қызметін үйлестіру.
